Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Ал, қалған үлкен көшелер мен ауылдық округтерде белгіленген кестеге сәйкес жүргізілетін болады.
Залалсыздандыру жасағы төтенше жағдай бөлімі мамандары мен мектептердің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдерінен құрылып, 40 ранцты аппаратпен және арнайы киімдермен қамтамасыз етілді.
Бұл жасақтан бөлек арнайы мамандандырылған мекемелер аудан бойынша 91 көп қабатты үйлердің аулаларын мен дәліздерін, ойын алаңдарын және орталық көшелердегі 24 аялдамада толығымен залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Аудан тұрғындарынан маскалық режим мен сақтық шараларын қатаң сақтауды сұраймыз.
Қауіпті дерттің алдын алу және тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында Ленгір қаласында және аудандағы барлық ауылдық округтерде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шара барысында тұрғындарға оқшаулану шараларын толық сақтау керектігі ескертілді.
