— Аудан аумағындағы "Евразия", "Бенефис", "Әсел", "Алтын орда" базарларының жұмысы тоқтатылды, деді ол. Сондай,ақ, "Исатай", "Көктем" базарлары мен "Айна" базарының азық-түлік сататын бөлігі 10:00-ден 18:00-ге дейін шектеулі режимде жұмыс істеуге көшкені мәлім болды. Ал "Айна" базарындағы "Көктем" автобекеті жұмысын биылғы 25 наурыздан бастап тоқтатты, - деді аудан әкімі Ғалымжан Ілиясов.
Ғалымжан Ілиясовтың айтуынша, «Фосфоршылар» сарайы мен «Әсел» базарының алдында апта сайын өтетін азық-түлік жәрмеңкелері де жұмысын тоқтатқан көрінеді. Сонымен бірге, Еңбекші ауданындағы телефон сататын 7 дүкен уақытша жабылған.
«AQ-QARA.KZ» -ақпарат»