Жұма, 03 Сәуір 2020 11:23

Түркістан: қоғамдық көліктер қозғалысы 50 пайызға қысқарады

 

Енді Түркістан қаласында қоғамдық көліктер қозғалысы 50 пайызға қысқарады. Бұл туралы қала басшысы Рашид Абатұлы қалалық штаб отырысында тұрғындар денсаулығын сақтау мақсатында көрілетін шара екенін айтты.

 Рашид аюпов штаб отырысында Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау (СЭС) қызметкерлерінің ТЖ кезіндегі  жұмысына жақсы баға берді. Ал, мобильді топтардың күнделікті жүргізіп жүрген рейдтеріне сын айтты. Үгіт-насихат жұмыстарының аздығынан әлі де талаптардың орындалмай жатқанын сондай-ақ, тұрғындармен СЭС қызметкерлерінің дөрекі сөйлесуден аулақ болуы үшін басшылыққа қадағалау қажеттігін назарға алды.

"Қосымша білім беру жолдары қарастырылады" деген Рашид Аюпов "Еларна", "Balapan" телеарналарынан көрсетілген сабақтарды көрмей қалған оқушылар үшін жергілікті телеарналардан көрсетілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар, өзге қалаларға қатынас жасап жүрген көлік иелеріне шара көруді полиция басшысына қолға алуын және банкоматтарда қаржы жеткілікті, адамдардың шоғырлануының қажеті жоқ екенін айтты.

 

⠀

 

Оқылды 477 рет