Бұл туралы Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.хабарлайды.
Атап айтқанда арнайы топ тығыз қарым-қатынасты азайтып, арақашықтықты сақтау үшін мекеме алдындағы арнайы орындарда белгілер сыздырды. Бұл - қалада індет таралуының алдын алу үшін жасалған шара. Банктер, почталар мен банкоматтар жұмысы төтенше жағдай кезінде тоқтамайды. Сондықтан, бір күнде жаппай шоғырланудың қажеттілігі жоқ.
Аталған мекемелердің алдындағы әр қызмет алушы тұрғында медициналық бетперденің болуы және қолын міндетті түрде антисептикпен залалсыздандыруы жіті тексеріледі. Сондай-ақ, келушілер бір реттік қолғаппен қамтамасыз етіледі.
Полиция қызметкерлері де патрульдік көліктері арқылы хабарлап,
көшеде арақашықтықты сақтауға, сақтық шараларын сақтауға үздіксіз шақыруда.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат
