Сенбі, 04 Сәуір 2020 13:03

Түркістан: Жетісайлықтар өз еріктерімен ауылдарына блок-бекет орнатты

Түркістан облысы Жетісай ауданында коронавирус жұқтырған 10 адам анықталды. Осыған орай ауданда карантин енгізіліп,сақтық шаралары күшейтілді.

Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабайлайды.

Екі бірдей ауыл қоршауға алынып, дерттің таралмауына барынша күш салынып жатыр. Осы төтенше жағдайды ескерген Құрбан ата ауылының тұрғындары жаман індеттің алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында өз ауылдарының кіреберіс қақпасына блок-бекет орнатты.
"Бұндай жағдайға ел болып ақылдасып келіп отырмыз. Елдің әрбір адамының өмірі қымбат. Оның үстіне ауылымыз Жетісай қаласына жақын орналасқандықтан ауылға келімді-кетімді адамдар көп. Соның барлығын ескере келе осындай қадамға барып отырмыз дейді",- ауыл тұрғыны Досым Ахметов.
  Бүгінде аталмыш ауылда 300 ден астам үйде 2793 адам тұрады. Қазіргі таңда ауылға тіршілікті қамтамасыз ету мақсатында кіріп-шығатын көліктер тіркеуге алынып, түгелдей дезинфекциядан өткізілуде.

Еске сала кетейік, Түркістан облысы бойынша аудан-қала территориясында 3 сәуір мен 17 сәуір аралығында шектеу енгізілді. Облысаралық, ауданаралық, қалааралық жолаушылар тасымалы тоқтатылады. Сондай-ақ, жүк тасымалынан басқа теміржол байланысы мен автовокзалдар мен автобекеттер жұмысы да тоқтады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

.

Оқылды 529 рет