Жексенбі, 05 Сәуір 2020 13:28

Түркістан: Кентаулық кәсіпкер жерлестеріне көмек көрсетті

Кенді қалада төтенше жағдайға байланысты қайырымдылық шараларының аясы күннен-күнге кеңейіп келеді. Соның ішінде өз жерлестеріне қол ұшын берген кәсіпкерлер көп.

 Түркістан облысы Кентау қаласының тумасы, кәсіпкер, Ордабасы ауданындағы "Аделя" шаруақожалығының төрағасы жерлестеріне қияр және қызанақ жөнелтіп, қолдау көрсетті. Осындай қиын сәтте жерлестеріне демеу болған Наль Абдиашим Закирұлының 18 тонна тартуы мұқтаж кентаулық 5500 тұрғынға үлестірілуде. Оның 4650-і -- мүгедектер мен жалғыз басты қарияларға, 750-і -- атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға таратылуда. Жаны жомарт жан алдағы уақытта тағы да көмек қолын созуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ ауанда «Біз біргеміз» акциясы жалғасын табуда. Бұл жолы Қарнақ ауылдық өзбек этномәдени бірлестігі еріктілермен бірге шарапаты мол шараға мұрындық болды. Жұдырықтай жұмылған жастар және бірлестік мүшелері көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға бір реттік азық-түлік өнімдерін табыс етті. Акция аясында жергілікті тұрғындарды үйден шықпай, барынша сақтық шараларын қатаң ұстауға шақырды. Мұнымен бірге Қарнақ ауылына кіре беріс аймағына қойылған блок-постта тынымсыз жұмыс істеп жатқан азаматтарға да ыстық тағамдар таратылып, сусындар үлестірілді. Этномәдени бірлестіктің төрағасы - Бекзат Хабибовтың ықпалымен қолға алынған игілікті бастамаға біздің ұжымның мүшелеріде атсалып, үлестерін аянып қалмады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 536 рет