Сейсенбі, 07 Сәуір 2020 17:15

Түркістан: Call-орталыққа екі аптада 37 мыңнан астам адам хабарласты

Түркістан облысы әкімдігінің жанынан құрылған Call-орталыққа өңір тұрғындарынан 37 мыңнан астам қоңырау келіп түсті, -деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

 

109 номеріне хабарласқан азаматтардың дені төтенше жағдай кезінде аудан қалалардағы тұрғындардың жүріп-тұруы, азық-түлік бағалары, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мемлекеттік мекемелердің жұмыс кестесі, көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға және мүгедектерге Үкіметтен берілетін әлеуметтік көмек жайындағы сауалдармен хабарласқан.

Айта кетейік, елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты 23 наурыздан бастап облыс әкімдігінің жанынан тұрғындардың сауалдарына жедел жауап беру мақсатында арнайы Call–орталық ашылған болатын. Бүгінде бұл орталық тәулік бойы 24/7 форматында тұрғындардан қоңыраулар қабылдап жатыр. Жиналған барлық сауалдарды операторлар салалық құрылымдарға жолдап, дер кезінде кері байланыс орнатып жұмыс істеп келеді.

Сондай-ақ, Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтында https://turkestancovid19-agritech.hub.arcgis.com/ ақпараттық парақшасы ашылған. Парақшада коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша пайдалы ақпараттар мен өңірде  инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында жүргізіліп жатқан мәліметтермен таныс болуға болады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 372 рет