Сәрсенбі, 08 Сәуір 2020 17:42

Түркістан: Түлкібас ауданы орталығындағы үш бірдей көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Түлкібас ауданында жергілікті тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе назардан тыс қалмай, кезең-кезеңімен іске асуда, деп хабарлайды Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мәселен, Түлкібас ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбековтың Майлыкент ауылдық округі тұрғындарының алдында 2018 жылдың қорытындысымен есеп беру барысында, округ орталығындағы Ш.Айманов, Ахметов және Жастық шақ көшелерінің тұрғындары көшені жөндеу мәселесін көтеріп, өтініші білдірген болатын.  Мәселе оң шешімін тапты. Бүгінгі таңда тұрғындардың өтініші толығымен қанағаттандырылды. Жалпы ұзындығы 2 шақырымға жуықтайтын  үш көшенің екеуіне бүгінгі таңда аудандық бюджет есебінен ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, соңғы үлгідегі түнгі жарықтандыру шамдары қойылды. Ал, Жастық шақ көшесінін ағымдағы жөндеу жұмыстары 70 пайызға аяқталды.
Аталмыш көшелер тұрғындарының айтуынша, бұл көшелер ауылдың көркін ашып қана қоймай, жауын-шашынды күндері жүріп-тұруымызға өте қолайлы болғанын айтып, аудан басшылығына алғыстарын айтуда. Бала-шағамыз мектепке барарда әбіржіп кететін еді, енді жол жөнделді. Әкім уәдесінде тұрды- деп халық дән риза.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 328 рет