Сәрсенбі, 08 Сәуір 2020 17:58

Түркістан: Мемлекеттік қызметтерді электронды форматта алу үшін жаңа портал іске қосылды

Қазіргі таңда Түркістан облысының жеке және заңды тұлғаларына электронды форматта 22 мемлекеттік қызмет толық қолжетімді,-деп хабарлады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аталмыш қызметтерді алу үшін интернет қолданушысы  qyzmet.iturkistan.kz геоақпараттық порталына кіріп, қызметтерді алу тәртібін теруі жеткілікті. Геоақпараттық порталда 22 мемлекеттік қызмет түрі енгізілген. Атап айтқанда, жер қатынастары, сәулет, жұмыспен қамтуды үйлестіру, ауыл шаруашылығы бойынша қызметтерді электронды жүйеде пайдаланады.

Бұл мемлекеттік қызметтер әзірге Түркістан, Кентау, Арыс қалаларында онлайн көрсетіледі. Алдағы уақытта толық аудандар осы жүйемен қамтылады деп жоспарлануда.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, геоақпараттық порталдың қолданылуы және функциялары жайлы Түркістан қаласының жер қатынастары, сәулет, жұмыспен қамтуды үйлестіру, ауыл шаруашылығы саласынан тиісті мамандарға оқыту жұмыстары жүргізілді.

Порталда қызметтерді алу тәртібі:1)Тіркелу/Авторизация; 2)Қызмет таңдау; 3)Өтініш беру; 4)ЭЦҚ (ЭЦП) қою; 5) Шешімін алу.

Бұл портал төтенше жағдай кезінде тұрғындарға үйден шықпай-ақ жұмыстарын бітіруге септігін тигізеді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

Оқылды 315 рет