Сәрсенбі, 08 Сәуір 2020 20:36

Түркістан: Тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда

Түркістан қаласында 52 мыңнан астам абонент бар болса, оның 65%-на газ құбырлары тартылды. Тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.

Магистралды газ құбырында құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 28,4 шақырым газ құбыры тартылып, газ реттегіш жәшігі орнатылуда. Биыл бюджеттен қаралған қаржыға 25 нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізіп, жыл соңына дейін Түркістан қаласын газбен толығымен қамту көзделіп отыр.

Сондай-ақ небәрі 16%-ы кәріз жүйесімен қамтылған Түркістан қаласының экологиялық жағдайын жақсарту  мақсатында жан-жақты талдау жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде қаланы 2021 жылға дейін  100% кәріз жүйесімен   қамтамасыз ететін  10 нысанның жобасы әзірленіп, кешенді жоспарға енгізілген.

Қала аумағында «Жасыл белдеу» қалыптастыру бойынша биыл 100 гектар жерге Темір жол бойының оң жағалауы мен Арыс-Түркістан арнасының айналасын жасыл желекке орау жоспарланған. Сонымен қатар, қала аумағында жаңа жобаға сәйкес Нью-Йорк сатысын орнату, Б.Саттарханов даңғылында тіреу бекетін орнату, Қызылорда тас жолы бойында аллея алаңы мен Темір жол вокзалының алдына тас төсеп, «Жеңіс» саябағынан орталық базарға баратын жолды абаттандыру жұмыстары басталды. Арыс-Түркістан арнасынан бастау алатын бірнеше ирригациялық каналдардың құрылысы мамыр айында толық аяқтап, пайдалануға тапсыру жоспарлануда. 

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 359 рет