Сәрсенбі, 08 Сәуір 2020 21:02

Түркістан қаласында "ҚазПошта" қызметтерін онлайн көрсететін сайт және call-орталық іске қосылды

"Алдын-ала алгоритм дайындау қажет. Алдағы уақытта да кез келген жайтқа төтеп беретіндей жүйе дайын болуы абзал. Әсіресе, қызмет алушылардың кезегін қалыпқа келтірген жөн", - деді Рашид Абатұлы апталық мәжілісте.

Қала әкімі Қазпошта мекемесінің төтенше жағдай кезінде, әр ай басында халық көп шоғырланатынын біле тұра алдын алу шаралары жасалмағанына сын айтты. Сондай-ақ, қызмет алу жүйесін оңтайландыру мақсатында ғаламтор арқылы жұмыс атқаруды тапсырды.

Естеріңізде болса, дүйсенбі күні Рашид Аюпов адамдардың көптеп келуі себебімен ҚазПошта мекемесіне барып, халықты сабырға шақырған еді.

Нәтижесінде: пошта байланыс торабы демалыссыз, 10:00–16:00 уақыт аралығында:

6-7 сәуір күндері – зейнетақы төлемдері

8-9 сәуір күндері – арнайы төлемдер үшін шот ашу

10-12 сәуір күндері – атаулы әлеуметтік көмек төлемдері және басқада қызмет түрлері көрсетілетіні хабарланған еді.

Одан бөлек, тұрғындарды кезекте тұрып, күттірмес үшін post.kz сайты және 1499 call-орталық  арқылы ақпарат алуға, сәлемдемелерді және зейнетақыны үйге жеткізуге, курьерді шақырып EMS жөнелтімді алып кетуге тапсырыс беру мүмкіндігі де бар.

Жалпы, 3-4 сәуірде 2710 әлеуметтік көмекті алушыларға шот ашып, банкомат арқылы 4600 аса тұтынушыға қызмет көрсетілсе, 6-7 сәуір күндері 12350 клиентке зейнетақы төлемдері жасалды.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 354 рет