Сенбі, 11 Сәуір 2020 14:42

Түркістан қаласында залалсыздандыру жұмыстары жалғасуда

Түркістан қаласындағы мешіттерге коронавирус індетінің алдын алу шарасы аясында әскери қызметшілер залалсыздандыру жұмыстарын жалғастыруда.

Рухани шаһардағы «Н.Төреқұлов» мешітінен басталған жұмыста мешіттің аумақтары, барлық бөлмелері және дәретханалары залалсыздандырылды. Кезекті нысан ретінде қаладағы мешіт төңіректері басты назарға алынды. Осылайша, қаладағы барлық мешіттерге рет-ретімен атаулы шара жүргізілді.

 

“Қазіргі қиын уақытта еңсемізді түсірмей еңбек ету басты қағидалардың бірі болып саналады. Сондықтан залалсыздандыру халық қауіпсіздігі үшін жүріп жатқан үлкен жұмыс. Әр азамат ел тағдыры сынға түскен қиын сәтте, үлкен жауапкершілікті терең сезіну үшін, бірлесе іс атқарғанымыз абзал. Осы орайда бүкіл қала халқын бірлікке шақырғым келеді”, – деді “Әл-Кәусар” мешітінің имамы Мұхамедсали Табын.

Айта кетейік, аталмыш әскери бөлімнің 200-дей қызметкері мен 20-ға жуық әскери техникасы қалада індетке қарсы қауіпсіздік шараларын күшейтумен қатар, залалсыздандыру жұмыстарымен айналысады. Қаладағы тәртіпті қадағалауға көмектеседі.

 

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

Оқылды 336 рет