Сенбі, 11 Сәуір 2020 14:52

Түркістан қаласында жол жөндеу жұмыстары жалғасуда

 

Түркістан қаласының  дамуы мен көркеюі бағытында құрылыс жұмыстары мен қоса жол жөндеу жұмыстары да қарқынды жүріп жатқанын айта кету керек. Түркістан қаласы бойынша 2020 жылы жалпы ұзындығы 110 шақырымды құрайтын 100 ге жуық көшелер жөндеудан өтеді.

 

 

Негізгі жолды орташа жөндеу жұмыстары инфрақұрылымы толық аяқталған (ауыз су, сарқынды су, газ) аумақтарда жүргізіледі. Бүгінде 31 көшенің орташа жөндеу жұмыстары басталып қойған. Сонымен қатар бұл көшелер жарықтандырылып, аяқ жол салынады. Сарқынды су жүргізілген көшелерде қосылмаған тұрғындар көп десек те болады, сол себепті келешекте су жүргізген кезде жолды бұзбас үшін жолдың астынан арнайы футлиярлар қалдырылған. Болашақта сол арқылы канализациямен тұрғындар қосылатын болады.

Бүгінгі таңда жөндеу жұмыстарына 10 мердігер компания тартылып, 250 ден астам техника жұмылдырылған. Оған 5,2 млрд теңге қаржы қаралған.

Қазіргі уақытта Майкөтов, А. Жүгінекей, Рысқұлбеков, Омаров, Дәулет, Тұрмаханов көшелеріне асфальт жабындылары салынған. Оның ішінде атап айтар болсақ Майкөтов көшесінің ұзындығы – 6,5 шақырым, санаты- жалпықалалық магистралды 4 жолақты жол, құрылыстың құны 2,8 млрд теңге, іске асыру мерзімі – 2020-2021 жылдар.

Елімізде орын алған төтенше жағдайға қарамастан жол жөндеу жұмыстары қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, кестеге сай жүйелі түрде өз жұмыстарын жалғастыруда.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 372 рет