Сенбі, 11 Сәуір 2020 17:02

Түркістан: Сарыағаш жастарының бастамасымен «Мейірімді көршілер» акция-челленджі басталды

Елімізде орын алып жатқан төтенше жағдайға байланысты, көршілес тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз етіп, жәрдем беру мақсатында Сарыағаш аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «МЕЙІРІМДІ КӨРШІЛЕР» акция-челленджі бастау алды.

Акция аясында көршілес тұрғындарға, жалғызілікті қарттарға, материалдық жағдайы төмен 20 отбасыға азық-түлікпен қажетті заттар үлестірілді. Сарыағаш аудандық Жастар ресурстық орталығының белсенділері «Мейірімді көршілер» акция-челленджіне демеушілік жасаған атымтай жомарт азаматтар Андасбаев Жантас Жалелұлы, Рахымбердиев Ахан Әбдіжаппарұлы, Миянов Мұхтар Әбдіжаппарұлына алғыстарын жеткізді.

««Өзін ғана ойлаған,
Жамандықтың белгісі.
Өзгені де ойлаған,
Адамдықтың белгісі» демекші өз отбасымыздан бастап, көрші-қолаң, ағайын-туыстарға, жалпы жұртқа шарапатымызты шашып, қайырымдылығымызды көрсету – мұсылмандық әрі азаматтық борышымыз. Өресі биік, пайымы кең, салмақты, байыпты, иманды ұрпақ ұлттың ұлы мақсаты мен мұратын орындауға үлкен үлес қоспақ. Жақсылықтың қайтарымы көп болады.Ауданымыздың барша жомарт кәсіпкерлерін «Мейірімді көршілер» акция-челенджін жалғастыруға шақырамыз
»,-дейді белсенді жастар.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 544 рет