Бұл туралы Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Аудан аумағында орналасқан 45 мешіттердің дауыс күшейткіштер күнделікті себепсізден көшеде жүрмеу, қоғамдық орындарда үш адамнан артық жиналмау, бетпердесіз жүрген азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы, отбасылық мерекелер мен той-жиындарды өткізілуіне тыйым салынғандығы. төтенше жағдай кезеңінде «Қазпочта» бөлімшелері есеп шоттар арқылы берілетін зейнетақы мен жәрдемақы төлемдерін үйме-үй таратылатындығы, үйден шықпай екінше деңгейдегі банктердің мобилдік қосымшасы арқылы жеке шотты ашуға болатындығы, жеке гигиеналық және санитарлық талаптарды сақтау туралы хабарламалар тұрақты түрде берілуде.
Сондай-ақ ауданға қарасты ауыл округтерінде, елдімекендерде қоғамдық орындармен әлеуметтік нысандарда дезинфекциялау шаралары күнделікті кестеге сәйкес жүргізілуде. Аудан аумағында 956 кәсіпкерлік нысан тұрғындарға қызмет көрсетеді. Оның ішінде 33 тойхана, 766 сауда орны және 160-қа жуық қоғамдық тамақтану орындары бар.
Оларды дезинфекциялау жұмыстарын кәсіпкерлер өз жауапкершілігіне алған.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.
