«Әрбір елдің өміріндегі шешуші кілт – қыздарға берілетін тәлім тәрбие арқылы өлшенеді. Біз қыз баланың тәрбиесін ұлттық болмыстың барлық іргетасымен астастыратын халықтық қағиданы қалтқысыз ұстану арқылы сыр-сымбаты ақыл парасатына сай, адамгершілік қасиеттерді өз бойына толыққанды топтастыра алған қыз тәрбиелеу – басты парызымыз болып табылатынын еш уақытта естен шығармауымыз керек»,-дейдң ұйымдастырушылар.
Сондай-ақ аталмыш колледжде оқушылардың ата-анасына құрмет, мақтаныш сезімін жетілдіру, бауырларына қамқорлығын күшейту, тіл мәдениетін дамыту және карантин кезінде бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында "Менің отбасым" тақырыбында эссе жазу байқауы ұйымдастырылған болатын. Байқауға оқушылардың 27% қатысып, арнайы құрылған комиссияның шешімімен үш оқушының жұмысы іріктеліп, фейсбук желісіне салынды.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.