Аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Т.Мұсабаев және жеке кәсіпкер О.Мамытбаев игі істі жүзеге асыруға атсалысты, азаматтық пен адамгершілік танытып, демеушілік жасады.
Қақпақ ауылы әкімі, бастауыш партия ұйымы төрағасы М.Заитов акцияны ұйымдастыра отырып, көмек көрсетілген азаматтарды сабыр сақтауға шақырды, алдағы уақытта демеушілер болып жатса әлеуметтік осал топқа жататын адамдарға мүмкіндігінше көмек көрсетілетіндігін түсіндірді.
«Елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты, осындай игі істерді атқару үшін, барлық жомарт жандарды «BIZ BIRGEMIZ» акциясын қолдауға шақырамыз»,-дейді белсенді азаматтар.
Еске сала кетейік, Nur Otan партиясы республикалық деңгейде коронавируске қарсы күресті күшейту, тұрғындарға көмектесу мақсатында Елбасы бастамасымен «Біз біргеміз!» республикалық акциясын жариялағаны белгілі. Аталмыш акция Түркістан облысының барлық аймағында қарқынды жүзеге асып жатыр.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.