Сәрсенбі, 15 Сәуір 2020 20:04

Түркістан: Сайрам ауданында зейнетақы үш кезеңдік тәртіппен тұрғындардың үйіне жеткізілді

Түркістан облысы Сайрам ауданында зейнетақы, жәрдемақы төлемдері үш кезеңдік жұмыс тәртібімен жергілікті тұрғындардың үйді-үйіне таратылды.

Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

І кезеңде I-II топ мүгедегі болып табылатын азаматар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға және жасы 80-нен асқан қарияларға зейнетақы таратылған болатын.

Ал II кезеңде почта қызметкерлері мен жергілікті атқарушы орган өкілдері, еріктілер жасы 65-тен асқандарға зейнетақысын арнайы тізімдеме (ведомость) арқылы үйіне жеткізіп берді.

"Үйге жеткізіп береміз" дегенге сенбей әлде шыдамсыздықпен келіп, мазасызданғандар да болды. Дегенмен, азаматтарға үйді-үйіне жеткізіп берудің нәтижесінде аудандағы почта бөлімшелерінің алдында адам жиналу мәселесі шешімін тапты. Шамамен 75% төлемді үйге жеткізіп беру қызметімен тараттық. Ал адам азайғандықтан қалған 25%-ы зейнетақысын почта бөлімшелерінен алды, - дейді Сайрам аудандық почта байланыс торабының басшысы Д.Бегманов.

III кезеңде "Қазпочта" арқылы мемлекет тарапынан тағайындалған төлемдерді алуы тиіс азаматтардың бәріне тағайындалған жәрдемақы, зейнетақы таратылуда.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

Оқылды 709 рет