1.Төтенше жағдайға байланысты жалақысы сақталмай жұмыстан демалысқа жіберілген шағын және орта бизнес субъектілерінің қызметкерлері. 2.Карантин енгізілген елді мекендерде жұмыс істейтін және осыған байланысты жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберілген ірі кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлері. 3.Жалдамалы еңбекті пайдаланбайтын табыстан айырылған жеке кәсіпкерлер. 4.Жеке практикамен айналысатын адамдар. 5.Бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлеушілер - жеке тұлға. 6.ТЖ салдарынан кірістерін жоғалтқан, міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бар азаматтық-құқықтық сипаттағы (АҚС) келісімдер бойынша табыс алатын адамдар. 7.Жалақы сақталмайтын демалыста жүрген коммерциялық емес заңды тұлғалардың (мемлекеттік заңды тұлғалардан басқа) қызметкерлері.
42500 теңге әлеуметтік төлем алуға үміткерлер тізіміне кім кірмейді Төлем алуға үміткер бола алмайды: 1.Төтенше жағдай енгізілген күнге дейін 12 ай ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне бір де бір ай қатысу өтілі жоқ тұлғалар, БЖТ төлейтіндерді қоспағанда. 2.Өтініш берілген күнге дейін 12 ай ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне бір де бір ай қатысу өтілі жоқ БЖТ төлеушілер. 3.Төтенше жағдай енгізілген күнге дейін 12 ай ішінде зейнетақы аударымдарын төлемеген АҚС шарттары бойынша табыс алатын жеке тұлғалар.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»