Иә, ақшаның қаншама адамның қолынан өткені бір Құдайға аян. Сондықтан, қолма-қол ақшаны электронды төлем арқылы алмастыру қазіргі кезде дұрыс шешім. Сонымен қатар ыңғайлы төлем. Бұл күнделікті бетперде мен антисептикпен қорғанғанымыздай, қауіпсіздік шараларының бір түріне жатады. Қазіргідей күрделі кезеңде әрбір қаржы операциясының онлайн режимде жасалғаны кез келген ел үшін де тиімді. Бұл өз кезегінде короновирусты таратпаудың алдын алу үшін қажет. Қолма-қол ақшасыз төлем жасауға қала әкімдігі мен шаһардағы банк бөлімшелері де үлкен қолдау жасап жатыр. Қаланың әр аумағында арнайы картомат орнатып жатқандары бар.
Сонымен қатар, «Қазпошта» АҚ жасы 65-тен асқан тұрғындар мен мүгедек азаматтарға зейнетақысын үйіне жеткізіп беру қызметін ұсынуда. Базарлар мен дүкендер және сауда орындарының төлемақыны қолма-қол ақшасыз жүргізуін өз басым қолдаймын.Ең бастысы, бәрімізге елдің амандығы керек. Кәсіпкерлер мен сауда нысандарының иелері де бұған түсіністікпен әрі жанашырлықпен қарауы тиіс.
Еркін Сатқанбаев, Шымкент қаласы мәслихатының депутаты