Бейсенбі, 16 Сәуір 2020 15:24

Түркістан: Жетісайлық кәсіпкерлер жерлестеріне 200 қап ұн таратты

«Biz birgemiz» ациясы Түркістан облысының барлық аймақтарында қарқынды жүзеге асып жатыр. Соның ішінде жетісайлық кәсіпкерлер алдыңғы қатарда.

«Жалпы өмірде жақсылық жасауды жаны сүйетін азаматтар болады. Ондай адамдар елдегі қиындықтарды біргелесіп жеңуге бар күш-жігерін сарп етеді. Сондай жомарт жандардың бірі-Жетісай ауданы Қазыбек би ауылдық округі Ә Оспанов ауылының тумасы Төлепханов Мақсат Дүйсеханұлы. Қазіргі таңда Шымкент қаласының тұрғыны «ТОО КазИнвестЛидер» мекемесінің меңгерушісі өз есебінен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға Жетісай қаласына 100 қап, Қазыбек би ауылына 100 қап ұн берді»,-деп хабарлады Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Осыған дейін ауданда жас кәсіпкерлер өздерінің есебінен аудандық «Жетісай» орталық ауруханасына жедел қызмет көрсетуге арналған 4 комплект жасанды тыныс алу аппараттары мен қызу өлшегіш құралдарды сыйға тартты. Оттегі концетраторлары, оттегі маскалары мен мұрын кануласынан тұратын медициналық аппараттар коронавирус індетіне шалдыққан науқастарды емдеуде таптырмайтын құрал.

Айта кетейік, қазіргі таңға дейін демушілер есебінен ауданымыздағы аз қамтылған отбасыларға 10 миллионнан астам қаржының көмегі көрсетілген.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 600 рет