Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік қызметкерлері тізімге сәйкес барлық ауылдық округіндегі елді мекендердегі кепілдендірілген азық–түлік жиынтығын алушы отбасылардың үйлерін жеке-жеке аралап тапсырып шықты. Осы кепілдендірілген азық–түлік жиынтығын алушы отбасылар өздеріне қамқорлық жасалынып жатқандығына алғыстарын білдірді.
Бұл көмек алдағы уақытта да атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларының балаларына берілетін болады.
Ал, облыс бойынша ағымдағы жылдың 1-тоқсанында 19,8 мың отбасыға немесе 111,9 мың адамға 2,3 млрд.теңге көлемінде АӘК тағайындалды. Сондай-ақ, 1 жастан 6 жасқа дейінгі жалпы саны 25 125 балаға 319,2 млн. теңге көлемінде кепілдендірілген әлеуметтік топтама (КӘТ) берілген. Оның ішінде, ай сайын 1 жас пен 3 жас аралығындағы - 10 074 сәбиг және 3 жас пен 6 жастағы - 15 051 балаға азық-түлік үлестірілсе, 1-6 жастағы - 24 919 балаға гигиеналық жиынтық берілген.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.
