Соның жалғасы ретінде "Біз біргеміз" акциясы аясында жергілікті кәсіпкер Нуров Амангелді басшылық жасайтын «Бейбарс и К» ЖШС және Қуаныш Ешенқұл қоры 75 отбасыға 20 мың теңгеден қаржылай көмек беріп отыр. Осындай шақта ауылдастарға қолдау көрсету - азаматтық парыз екендігін жеткізді кәсіпкерлер. Әлеуметтік көмекке ие болған отбасылар да қиын-қыстау кезеңде қол ұшын созған демеушілерге ізгі тілектерін айтып, алғыстарын білдірді.
Түркістан облысында жалпыхалықтық сипат алған "Біз біргеміз" жобасы өңірде дәстүрге айналып та үлгерді.
Еске сала кетйік, «Nur Otan» партиясы республикалық деңгейде коронавируске қарсы күресті күшейту, тұрғындарға көмектесу мақсатында Елбасы бастамасымен «Біз біргеміз!» республикалық акциясын жариялағаны белгілі.
Қауіпті індетпен күресу, алдын алу шараларына облыс әкімдігі мен партия және өңірдің кәсіпкерлері бірлесіп үлес қоспақ. Елдің мүддесі – басты орында.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.
