Сенбі, 25 Сәуір 2020 14:13

Созақ: Құмкент ауылында дезинфекция жұмыстары үздіксіз жүргізілуде

Түркістан облысы Созақ ауданында дезинфекция жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды Созақ аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аудан әкімдігі тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі және аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мамандарының қатысуымен Құмкент ауылындағы көшелерге залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Залалсыздандыру ісіне 1 ауыр техника, 10 адам жұмылдырылып, аумағы 5 шақырым жерге дезинфекиция жасалды.

Бұл жұмыстардан бөлек, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің және Түркістан облысы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулыны негізінде халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Әрбір аудан тұрғыны жеке бас гигиенасын сақтап, індеттен қорғану үшін үнемі маскада және қолын жиі жуып, антисептикпен сүртіп отыруы қажетті туралы ауылдармен елдімекендерде дауыс үлкейткішпен түсіндірілді. Талап орындалмаған жағдайда, айыппұл салынатыны ескертілді.
Аудан әкімдігінің қызметкерлері COVID-2019 вирусы өте қауіпті індет екенін тағы бір ескерте келе, үйден шықпай, нұсқаулыққа сай сақтанып жүруге шақырады.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 676 рет