Сәрсенбі, 15 Сәуір 2020 22:51

Шымкент; су тасқыны мен орман-дала өрттерінен қауіп жоқ

Шымкентте су тасқыны мен орман-дала өрттерінен келетін қауіп жоқ. Олардың алдын-алу мақсатында тиісті шаралар атқарылуда екен. Сондай-ақ, қазіргі таңда төтенше жағдай оқиғалары 20 пайызға төмендегенін айта кеткен жөн. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдерімен өткен брифингте мәлім болды.

Қазіргі таңда келуі ықтимал тасқын суларды қабылдауға жеткілікті қорлар бар. Соңғы бес жылда атқарылған алдын-алу шараларының арқасында қаламыздағы елді-мекендерді су басу оқиғасы орын алған жоқ. Жалпы, су тасқыны жағдайы тұрақты бақылауда, - деді департамент бастығының орынбасары Мадияр Жақсыбаев.

Және айта кетерлігі, жыл басынан бері Шымкент қаласының аумағында орман және дала өрттері де тіркелмеген. Сондай-ақ, департамент өкілдері карантин кезінде үйде отқан тұрғындарды өрт қауіпсіздігін барынша сақтауға шақырады. Айтып өтейік, еліміздегі төтенше жағдай талаптарына сәйкес, төтеншеліктер түсіндірме жұмыстарын онлайн түрде және әлеуметтік желілерде жүргізіп жатыр екен.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

Оқылды 608 рет