Қауіпті індеттің алдын-алу жолында халқымен бірге болып перзенттік пейілдерімен, қанатымен су сепкен қарлығаштай қайырымдылық қасиеттерін Серікжан Сейітжанұлы, Ләззат Келдебекқызы қаржылай көрсеткен болатын.
Темір ауылының тумасы, жеке кәсіпкер Бауыржан Қаныбеков те «Нұр Отан» партиясы «Темір» БПҰ-ның бастамасына қолдау көрсетіп, ауылдағы тұрмысы төмен және мүмкіндігі шектеулі жандардың отбасына құны 650 мың теңгеге ұн таратып, қасиетті Рамазан айында игі істің басынан табылды.
«Әкеден ұл туса игі, әке жолын қуса игі», деген қазақ нақылын Бауыржан Әзімханұлына арнап айтқандай-ақ! Озық ойлы өркениеттің ордасы саналып, жүректеріне иман мен мейірім-шапағат ұялаған іңкәр өлкеде Бауыржандай алтынның сынығына ауылдастарының алғыстан басқа айтары жоқ!
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.
