Шымкент қаласының тазалығы үшін елеулі еңбек етіп жатқан мекеменің бірі – "ЛТД Тұрмыс" ЖШС. Бүгін "Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы" аумақтың кәсіподақтар бірлестігінің қызметкерлері 2 бригаданың бір күндік жұмысымен танысып қайтты.Жұмысшылардың санитарлық-тазалық талаптарын сақтауы кәсіподақтардың бақылауында. Күніне жұмыс берушілер тарапынан міндетті түрде әр жұмысшыға жаңа бетперде, қолғап, сабын беріледі. Бұдан бөлек, кәсіподақтар жұмысшылардың жалақыларының уақтылы және толық берілуін басты назарда ұстап отыр.
Карантинге байланысты ешқандай жұмысшы қысқартылып, табысынан айырылмаған. Осылайша еңбек адамына қамқорлық танытып, жағдайын сұрап, қиын сәтте жанынан табылатын кәіподақтарға тазалықшылар алғыс білдіреді. Бұған қоса, "Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігі ғимаратында "ЛТД Тұрмыс" мекемесінің жұмысшыларына арнайы демалыс орны қарастырылған.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»