Көп қабатты тұрғын үйлердің подъездері, жеделсатылары және тұрғын үйлердің аумақтары химиялық өңдеуден өтуде. «Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында атаулы әлеуметтік көмек алатын көмекке аса мұқтаж 6101 азаматтың есеп-шотына 50 мың теңге көмек аударылды. «Nur Otan» партиясы филиалымен бірге Қайнарбұлақ саяжайы, Қайнарбұлақ, Достық, Бозарық тұрғын алаптарындағы барлық тұрғынға 272 мыңнан астам бетперде таратылды.
Демеушілердің қолдауымен аз қамтылған 400 отбасыға ұн мен тауық еті таратылды. «Мега Фарм» мекемесімен келіссөздер жүргізіп, тұрғындарға 6 мың бетперде тегін үлестірілді. Айта кетейік, бүгінде Қаратау ауданындағы 24 шағынаудан мен тұрғын алапта 247 мыңнан астам тұрғын тұрады. Ауданда көп қабатты 416, 47202 жеке үй бар.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»