Дүйсенбі, 27 Сәуір 2020 13:12

Түркістан: Облыстық мәслихат депутаты жерлестеріне көмек көрсетті

Республика көлемінде қолға алынған “Біз біргеміз!” акциясы Созақ облысында сәтті жүзеге асуда. Облыстық мәслихат депутаты жерлестеріне көмек көрсетті,-деп хабарлайды Созақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, “Nur Otan” партиясы фракциясының мүшесі Тұрысбеков Мағауия Сексенбайұлы күрделі кезеңде жерлестеріне көмек қолын созып, алғысын алды.

Халық қалаулысы 100 отбасыға азық-түлік жеткізіп, қасиетті Рамазан айында сауапты іс жасады. “Nur Otan” партиясының Созақ аудандық филиалының қызметкерлері мен “Жас Отан” жастар қанатының жастары мен еріктілері аз қамтылған отбасыларға депутаттың сәлемдемесін жеткізіп, акцияны жоғары деңгейде ұйымдастырды.

Еске сала кетейік, «Nur Otan» партиясы республикалық деңгейде коронавируске қарсы күресті күшейту, тұрғындарға көмектесу мақсатында Елбасы бастамасымен «Біз біргеміз!» республикалық акциясын жариялағаны белгілі. Аталмыш акция 13 наурыздан бастап Түркістан облысы аумағында үздіксіз жүзеге асуда. Еріктілер, ұстаздар, мемлекеттік қызметшілер, депутаттар, кәсіпкерлер-жалпы мүмкіндігі келген азаматтардың барлығы мұқтаж отбасыларға түрлі көмек көрсетуде.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.


 

 

Оқылды 819 рет