Сайрам аудандық Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, “Nur Oran” партиясының мүшесі Акмальжан Исаков аз қамтылған 50 отбасыға азық-түлік себетін таратты. Жанашыр азамат бұл игі іске 1 млн. теңге жұмсаған. Ал, аудан тұрғындары жаны жомарт азаматқа алғыстарын білдірді. Осылайша, “Nur Otan” партиясының “Біз біргеміз!” акциясы Сайрамда жоғары деңгейде жүзеге асырылып жатыр.
Еске сала кетейік, «Nur Otan» партиясы республикалық деңгейде коронавируске қарсы күресті күшейту, тұрғындарға көмектесу мақсатында Елбасы бастамасымен «Біз біргеміз!» республикалық акциясын жариялағаны белгілі. Аталмыш акция 13 наурыздан бастап Түркістан облысы аумағында үздіксіз жүзеге асуда. Еріктілер, ұстаздар, мемлекеттік қызметшілер, депутаттар, кәсіпкерлер-жалпы мүмкіндігі келген азаматтардың барлығы мұқтаж отбасыларға түрлі көмек көрсетуде.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.
