Дүйсенбі, 27 Сәуір 2020 13:28

Түркістан: «Біз біргеміз!» акциясы Отырарда сәтті жүзеге асуда

Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Назарбаевтың бастамасымен ұйымдастырылған «Біз біргеміз!» акциясы Түркістан облысы, Отырар ауданында да сәтті жүзеге асуда,-деп хабарлайды Отырар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Осы акция аясында Отырар ауданының әкімі, партияның аудандық филиалының төрағасы Ә.Жүнісовтың бастамасымен мекеме басшылары мен құқық қорғау органдарының басшыларының, кәсіпкерлердің демеушілігімен аз қамтылған 100 отбасыға азық-түлік берілді. Тұрғындар карантин кезінде жанашырлық танытқан азаматтарға ризашылықтарын білдірді.

Осылайша, “Nur Otan” партиясының “Біз біргеміз!” акциясы Отырар ауданында жоғары деңгейде жүзеге асырылып жатыр.

Еске сала кетейік, «Nur Otan» партиясы республикалық деңгейде коронавируске қарсы күресті күшейту, тұрғындарға көмектесу мақсатында Елбасы бастамасымен «Біз біргеміз!» республикалық акциясын жариялағаны белгілі. Аталмыш акция 13 наурыздан бастап Түркістан облысы аумағында үздіксіз жүзеге асуда. Еріктілер, ұстаздар, мемлекеттік қызметшілер, депутаттар, кәсіпкерлер-жалпы мүмкіндігі келген азаматтардың барлығы мұқтаж отбасыларға түрлі көмек көрсетуде.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат. 

 

Оқылды 553 рет