Дүйсенбі, 27 Сәуір 2020 13:40

Түркістан облысында 385 мыңнан астам азаматтың коммуналдық шығыны төленеді

Түркістан облысында 385 мыңнан астам азаматтың коммуналдық шығыны төленеді. Оған республикалық бюджеттен 11,5 млрд теңге қаржы қаралған.

Министрлік бекіткен ережеге сәйкес 1,2 және 3 топтағы мүгедектер, соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілгендер, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырғандар мен көпбалалы отбасылар, зейнеткерлер, мемлекеттік немесе қоғамдық қызметті атқару барысында қайтыс болған азаматтардың жанұялары және атаулы әлеуметтік көмек алатын жандарға коммуналдық шығындар төлеп беріледі. Төлемді алу үшін тұтынушы ақпараттық жүйелер немесе call-орталық арқылы жеке сәйкестіндіру нөмірін, әлеуметтік дәрежесін және дербес шот деректерін көрсете отырып, әкімдікке өтінім беруі керек. Облыстық энергетика және тұрғын үй шаруашылығы басқармасы мамандарының айтуынша, өтінімдерді қабылдайтын арнайы ақпараттық жүйе іске қосылады. Қазір облыс бойынша «109» call-орталық байланыс телефоны жұмыс істейді. Бақытжан Полатбеков, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары: – Бұл сәуір мен мамыр айына төленеді. Екі айға 15 мыңнан 30 мың төленеді. Өтінімдерді тапсыратын уақыт мамырда басталады. Мамырдың аяғына дейін сәуірдің төлемдерін, мамырдың өтінімдерін маусым айында қабылдап, төлем өткізіп отырамыз. Осы таптағы азаматтардың бәрінде дербес есепшоттар болу керек.

 

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

Оқылды 533 рет