Дүйсенбі, 27 Сәуір 2020 13:54

Түркістан: 81 жастағы әже зейнетақысына бетперде тігіп таратуда

 

81 жастағы түркістандық әже Ырыс Ташметова өнегелі іс жасап, зейнетақысына бетперделер тігіп, тегін таратуда. Бұл туралы Түркістан қаласы әкімінің ресми сайтында жарияланды.

Түркістандық ақ жаулықты әже Ырыс Ташметова жастық шағында қиын қыстау сәттерді бастан өткерген. Қазыналы қарт бүгінге дейін 400-ге жуық бетперде тігіп, көршілерге, тұрғындарға таратып үлгерген. Ендігі мешіттерге, перзентханаларға үлестіруді көздеп отыр. Осылайша, зейнеткер әже елдегі төтенше жағдай кезінде қолынан келгенше көмек қолын созуда.
⠀"Жасым келді, маған беріңдер дегеннен гөрі, қолдан келер қайыр болса соны жасауға ниеттеніп, тезден жұмысқа кірісіп кеттім. Осындайда бір-бірімізге жанашырлық танытпағанда, қашан танытамыз?" деген әжей, біраз жанға үлгі көрсетуде.
⠀Ол біліктілігі мен іскерлігін танытып, саналы ғұмырының 33 жылында есеп-қисап саласында тер төккен. Сонымен қатар, қала аумағындағы қоғамдық істерге белсене атсалысып, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде жарқын бастамалардың қолдаушысы ретінде жұртқа таныс.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 612 рет