⠀Ерікті жастар әлеуметтік желіде, WhatsApp мессенджерінде түскен тұрғындар өтінімі бойынша үйме-үй барып, осындай күнделікті ішіп-жемге қажетті азық-түліктер таратуда. Сондай-ақ, 25000 медициналық бетперде тігіп, үлестіруде. Еріктілер мұндай істерге қол ұшын созып, қазіргі үй карантинінде отырғандардың алғысын алуда. Айта кетейік, "Асарда" бүгінде 200-ге жуық волонтер бар.
Бұдан бөлек, елдегі төтенше жағдайға орай, түркістандық еріктілер бірқатар жобаларға атсалысуда. «Жастар ресурстық орталығы» көрсетілетін қызметтерді қашықтықтан жүзеге асыруда. Жастардың үздіксіз дамуын әрі бос уақытын тиімді пайдаланып, қашықтықтан оқуға дағды қалыптастыру мақсатында бірқатар жобалар қолға алынды.
Атап айтқанда, әлеуметтік желі арқылы «Жастар online» жобасы аясында видео-байқауы өткізілді. Қашықтықтан оқытатын «Қолжетімді ағылшын» жобасына 500-ге жуық жас, онлайн тіркеліп, ағылшын тілін ақысыз оқу курсы іске қосылды.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.
