Жергілікті билікпен келісе отырып атқарылып жатқан шараның мақсаты коронавирус індетінің ел ішінде таралуын болдырмау. Ауыл азаматтары ұйымдастырған бекеттерде елдімекендерге кіріп шығатын көліктерді залалсыздандырып, жолаушылардың дене қызуын өлшеп, тіркеуге алуда. Сондай-ақ, әрбір азаматқа себепсіз үйден шықпауға, барлық жерде жеке бас тазалығын ұстанып, карантин режимін бұзбауға шақыруда.
Бұл атқарылып жатқан жұмыстарға жергілікті халық түсіністікпен қарап, оң көзқарақас танытып отыр. Шараға ауыл белсенділері мен ерікті жастар атсалысып жатыр.
Айта кетейік, қазіргі таңда мұндай сақтық шараларын ауданның барлық елдімекендері эстафета түрінде жалғастыруда.
Айта кетейік, 18 наурыздан бастап Алматы және Қызылорда бағытындағы шекаралық аймақтарындағы «Сауран» және «Шақпақ» бекеттерінде COVID-2019 дертіне байланысты тәулік бойы жұмыс істейтін блок бекеттер қойылды. Бұл бекеттерде полиция және медицина мамандары әрбір көлікті тоқтатып, арнайы құрылғымен азаматтардың дене қызуын өлшеп, тексерістен өткізуде.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.
