Құрылыс нысандарына күнделікті мониторинг жүргізіледі. Аппарат отырысында қала әкімі Рашид Аюповтың Түркістан қаласын дамыту бағытындағы атқарылған жұмыстары мен жоспарлары туралы баяндама жасады. Бүгінгі күнге әкімшілік-іскерлік орталық аумағындағы 7 қабатты 14 тұрғын үйдің жоғарғы қабаттарының кірпіші қаланып, қабатаралық плита орнату жұмыстары жүріп жатыр.
Батыс Қытай-Батыс Еуропа тас жолының бойындағы 7 қабатты 10 тұрғын үйдің жоғарғы қабаттарында колонналары, қабатаралық жабындарының арматурасын тоқу, бетонын құю жұмыстары жүріп жатыр. Бұдан бөлек 12 қабатты 29 тұрғын үйлердің құрылысындағы жұмыс та қарқынды. Өмірзақ Естайұлы барлық құрылыстағы сақтық шараларының қатаң сақтануын қадағалауды, құрылыс жұмыстарын сапалы әрі мерзімінде аяқтауды міндеттеді.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.
