- Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін, тұрғындардың өмірін және денсаулығын қорғау мақсатында, 2020 жылғы 18 сәуірдегі Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің №11 Қаулысына сәйкес, 2020 жылы 19 сәуірден 1 мамырға дейін қалалық қоғамдық көліктің жұмысы уақытша тоқтатылады, - деді Н. Сүгірәлиев.
Айта кетсек, Шымкент қаласының барлық аумағында 2020 жылдың 18 сәуірі сағат 00:00-ден бастап 01.05.2020 жылғы сағат 07.00-ге дейін бірқатар шектеу енгізіліп отыр. Қаулыға сәйкес, қалада қоғамдық көліктер жұмысын уақытша тоқтатады.Дегенмен, қалада тіркелген 11 такси компаниясы жұмысын жалғастырады. Оларда 2 адамнан артық жолаушы алуға болмайды. Тіркелмеген такси қызметіне рұқсат етілмейді. Бұл жайлы Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы мәлімдеп отыр.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»