Сенбі, 18 Сәуір 2020 19:31

Шымкентте медицина қызметкерлерінің балаларына компьютерлер таратылды

Үшінші меаполистегі бір топ ерікті қашықтан оқу жүйесіне көшкен дәрігерлердің балаларына ноутбук сыйлады. Әлеуметтік даму қоры мен Назарбаев Университетінің бастамасымен қолға алған қайырымдылық шарасы коронавирус инфекциясы пандемиясына қарсы күресте медициналық қызметкерлері мен олардың балаларын қолдауға бағытталған.

Әлеуметтік даму қоры Ұлттық волонтерлер желісімен бірге қашықтан оқыту қажеттілігіне тап болған және үйінде компьютері жоқ медициналық қызметкерлердің балаларына көмек көрсетуге шешім қабылдаған. Өңірдегі Ұлттық волонтерлер желісінің өкілдері - “ASAA” жастар қоғамдық бірлестігінің еріктілері мен Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.Мәуленқұлов және аудан әкімдігінің қызметкерлері, қалалық денсаулық сақтау басқармасының мамандары бастаған топ 9 отбасыға ноутбук үлестірді.

Аталған отбасылар қалалық денсаулық сақтау басқармасы ұсынған мәліметтер негізінде әлеуметтік жағдайына қарай таңдалған. Олардың ішінд, медбикелер мен санитар, фельдшерлердің балалары бар. Әлеуметтік даму қоры коронавирус инфекциясымен күресте мол үлес қосып жатқан медицина қызметкерлеріне алғысын осылай білдіруді жөн деп тапқан. Айта кетейік, игі шара аясында жалпы Павлодар, Көкшетау, Қызылорда, Шымкент, Темиртау, Талдықорған, Ақтобедегі медицина қызметкерлерінің балаларына 100 компьютер сатып алынды.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

Оқылды 488 рет