Қазақта жұмыла көтерген жүк жеңіл дейтін нақыл сөз бар емес пе? Осы даналықтың негізінде аталмыш игі іске Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Ғани Ташқараев бастаған депутаттар ұйытқы болып, мегаполистегі 4 аудан әкімдіктерінің қызметкерлері де жұмылды.
Аудан әкімдіктерінің өкілдері қайырымдылық қажысына алынған азық-түлікті өздеріне қарасты елдімекендердегі әлеуметтік әлсіз топтағы отбасыларға жеткізіп берді. Өз кезегінде азық-түлік алған тұрғындар қайырымды жандарға алғыстарын білдіріп жатты. Қалалық мәслихаттың өкілдері алдымен Абай және Әл-Фараби ауданының тұрғындарын азық-түліпен қамтамасыз еткенін айта кеткен жөн. Дүйсенбі күні аталған топ Шымкент қаласына қарасты Еңбекші және Қаратау ауданындағы әлеуметтік әлсіз тұрғындарды аралайды.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»