Дүйсенбі, 20 Сәуір 2020 15:08

Шымкент: «Тұран» шағынауданындағы жолдың жағдайы жақсарады

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Ұлттық жол сапасы орталығы» бірлесіп республикалық «Сапалы жол - адалдық алаңы» жобасын жемісті жүзеге асырып отыр. Оған дәлел мамандар құрылысы қызған алаңға барып, барлық тексеруді жүргізеді. Сапасына үңіліп, майшаммен қарайды. Кемшіліктер анықталған жағдайда тиісті орынға хат жолдап дереу түзетуін талап етеді. Стандартқа сәйкестендірілмесе біткен жол қабылдаудан өтпейді. Осы орайда Шымкент қаласының жауапты топ мүшелері Тұран шағынауданындағы құрылысы қызған алаңға арнайы барды.

Бұл «Сапалы жол  - адалдық алаңы» жобасы аясында Тұран шағын ауданына жасалған кезекті бақылау жұмысы. Тексеріс кезінде кеткен кемшілікті көрсертіп берген мамандар ескерту жұмыстарын жүргізді. Асфальттің температурасын, оның дұрыс орналысуын замануи құрылғының көмегімен бағамдап шықты. Бір бөлігін өздерімен алып, зертханада сапасын бақылап көрмек. Құрылыстың барысын сараптап, дер кезінде түзетуін талап етудің маңыздылығы орасан. Бұл республикалық жоба аясында жасалған жемісті іс.

«Жобаның басты мақсаты жолды салу, реканструкциялау және орташа жұмыс жүргізу кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою болып табылады. Ағымдағы жылы осымен төрт көше тексерілді. 40 шақты бұзушылықтар анықталған еді» - дейді ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қалалық департаментінің аға офицері Сәбит Әсілбек.

Бұл шағынауданда жол құрылысы 2018 жылы басталды. Біршама қиындықтардың туындау себебінен құрылысы ұзаққа созылды. Дегінімен мердігер мекеменің сөзінше 2020 жылдың екінші жартыжылдығында аяқтауға күш біріктіріп отыр. Қажетті техника, қызметкер күші жұмылдырылып бар мүмкіндікті пайдалануда. «Негізінің бәрін дайындап қойдық. Лотоктары салынған, бордюр қойылған. Ендігі проблеманың бәрі бізде вело жол мен тротуар» - дейді «Энорго экспорт» ЖШС өкілі Жұмағұл Тұрлыбаев. Жолдың тақтайдай тегіс және оның сапалы құрылысы үшін ешқандай қиындық жоқ. Жоба аясында анықталған кемшіліктер де дереу түзетіліп, жұмысы қайта қарқын алған қара жолдың жағдайы алдағы уақытта жақсаратынына сенейік.  

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

Оқылды 462 рет