Орталық таңғы 9:00-ден 18:00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді. 15 мың теңгеден берілетін әлеуметтік көмек бойынша туындаған сауалдар болса, 8(7252) 39-23-68 нөміріне хабарласуға болады. Мемлекеттік органдардың ұсынысы негізінде коммуналды шығыны үшін төлем алушылардың келесі санаттары айқындалған.
Олар: - 1, 2, 3 топ мүгедектері; - мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар; - көп балалы отбасылар; - ҰОС мүгедектері мен қатысушылары, ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген тұлғалар; - мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау барысында, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындық барысында немесе ұшу кезінде, адам өмірін құтқару және құқық тәртібін сақтау кезінде қаза тапқан тұлғалардың отбасылары; - төмен және одан аз зейнетақы алатын зейнеткерлер; - атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғызбасты зейнеткерлер.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»