Бейсенбі, 30 Сәуір 2020 00:16

Шымкенттің Қайтпас-1 шағынауданына электр желісі тартылады

Шымкент қаласының Нұрсәт шағынауданындағы көп қабатты №18, 19 үйлердің қасбеті сын көтермейді. 2016 жылы салынған үйлердің қабырғаларының сылағы көшіп, жауын-шашынға шыдас бермей, түсе бастаған. Осы мәселені талайдан бері қозғап жүрген тұрғындармен қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы кездесіп, шағымдарын тыңдады.

Кездесу барысында құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметов көп қабатты үйлердің құрылысын алматылық компания жүргізгенін айтты. Мердігердің үйге қатысты берген 5 жылдық кепіл мерзімі де аяқталмаған. Алайда, бүгінде аталған компания жұмысын тоқтатқан. Бірақ заңды түрде банкрот деп жарияланбапты. Сол себепті, қаланың құрылыс басқармасы мердігердің үстінен сотқа арызданып, жеңіп шығыпты.– Қазір сала мамандарымен және құрылыс компанияларымен сөйлесіп, үйлердің сыртын жөндеудің түрлі жолдарын қарастырып жатырмыз. Бұл үйлердің сыртын жөндеп береміз. Себебі, мердігердің қателігіне тұрғындар кінәлі емес. Сабырлық танытыңыздар, демеушілермен де сөйлесіп, жан-жақты қарастырып жатырмыз, - деді қала әкімі.

Бұдан кейін шаһар басшысы Қайтпас-1 шағынауданына барды. Мұндағы тұрғындар сапасы төмен жекеменшік жарық жүйесіне шағымданып отыр. Бұдан бөлек жол, ауыз су, газ, қоғамдық көлік мәселесі өзекті екенін айтады. Мұрат Дүйсенбекұлы тұрғындар көтерген мәселелер кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.– Сіздердің қуаты әлсіз жекеменшік электр энергиясын тұтынып отырғандарыңыздан хабардармын. Кезінде осындағы 416 үйге жарық жүйесі жетпей қалған екен. Соны ескеріп, қуат жүйесін жүргізуге байқау өткізіп, мердігер мекемені анықтадық. Жуырда олар жұмысын бастайды. Құрылыс жұмыстарын күзге дейін бітіруге әрекет жасаймыз. Сонда сіздерде сапалы энергия болады. Ал су, газ тарту мәселесіне келсек, жуырда жобалық сметасын жасаймыз. Биыл жұмыстарды бастауға тырысамыз, - деді Мұрат Әйтенов.Қала әкімі бұған қоса қоғамдық көлік жұмысына қайта зерделеу жұмыстары жасалып жатқанын айтты. Жаз айларына қарай автобустар

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

Оқылды 544 рет