Коронавирус індетіне байланысты жарияланған төтенше жағдай кезінде адам шоғырлануын тоқтату үшін көптеген кәсіпорындардың жұмысы уақытша тоқтатылды.
Алайда, осы кезеңде құрылысты тоқтатпауға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы тапсырма берген болатын. Құрылыс барлық өңірлерде санитарлық тазалық нормаларына сай жабдықталып, қарқынын тоқтатпады.
Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков дәл осы кезеңді тиісді пайдалануды айтты.
- Жыл басында нысандардың қасбетін сынға алғанымда "Күн жылынсын" деп жауап берген болатынсыздар. Қазір күн жылынды. Әрі төтенше жағдай жариялануына байланысты жұмысты тоқтаттыыздар. Қол бос. Ал құрылыс жүргізуге тыйым салынған жоқ. Ендеше, неге осы сәтті ұтымды пайдаланбасқа? - деді аудан әкімі.
Қазіргі таңда аудан басшысының бастамасымен ауыл-ауылдағы орталық көшелерде көріктендіру жұмыстары және кәсіпкерлік нысандарында әкеу-сырлау ісі қызу жүріп жатыр. Көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары да ұмыт қалған жоқ.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.
