26 наурыздан бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тоқтатылып, төтенше жағдай кезеңінде ХҚО және мамандандырылған ХҚО электронды үкімет порталы - egov.kz арқылы рәсімделген дайын құжаттарды беруге ғана жұмыс істеуде. Бірыңғай терезеде берілген құжаттардың дені – АХАТ құжаттары, жүргізуші куәліктері, көліктің техникалық паспорты мен тіркеу нөмірлері, жылжымайтын мүлік пен жер учаскелерінің құжаттары, сондай-ақ жеке куәлік пен паспорт. Дайын құжаттарды беру терезелерінің жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма - 9.00-ден 17.00-ге дейін, сенбі - сағат 9.00-14.00 аралығы. Мекенжайы: Шымкент қаласы, Мәделі қожа көшесі, 1Г мекенжайында орналасқан №1 ХҚО.
Ал автокөлік иелері дайын құжаттарын Достық шағынауданындағы мамандандырылған ХҚО-дан ала алады. Еске сала кетейік, қазақстандықтар мемлекеттік қызметті электронды форматта алуда. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтің 87% электронды үкімет порталы арқылы қолжетімді, сондай-ақ, кейбір қызметтер мен сервистерді ЕgovМоbile мобильдік қосымшасы, eGovKzBot2.0 телеграмм-ботынан және Facebook, Vk әлеуметтік желілеріндегі egov чат-боттарынан алуға болады. «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Шымкент қалалық филиалының баспасөз қызметі
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»