Мәселен, Кентау қаласы, Қарнақ ауылдық өзбек этномәдени бірлестігі жақсылықтан шет қалмады. Бірлестік төрағасы – Хабибов Бекзат, Түркістан облыстық өзбек этномәдени бірлестігі жанындағы «Аналар кеңесінің» төрайымы, Кентау қалалық ҚХА жанындағы «Аналар кеңесінің» мүшесі Дильдар Хабибовамен «Жастар қанаты» орталығының басшысы Дастан Абдалиев те қарап қалмай, білектерін сыбанып, азық-түлікті тасуға еріктілерге көмектесті.
Айта кетейік, бірлестік атынан Мақтааралдық тұрғындарға «Газель» жүк көлігі және жеңіл көлікке тиелген азық-түлік, көрпе-төсек, киім және басқа да қажетті заттар жөнелтілді. Мұндай қайырымды іс-шаралар алдағы уақытта өз жалғасын табатындығы анық.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.
