Жексенбі, 24 Маусым 2018 08:31

Шымкенттегі қоғамдық көліктер ендігі жылы электронды билетке көшіріледі

Алдағы уақыттары Шымкент қаласын дамыту мақсатында жалпы аумағы 1,5 миллион гектар болатын Шымкент агломерациясы іске асырыла бастамақ. Негізгі мақсат – қала аумағына кіретін елдімекендердің әлеуметтік, экономикалық, инфрақұрылымдық мәселелерін шешу.

Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қуатжан Жұматаев көлік тығынын азайту мақсатында Қонаев даңғылын басты магистраль артерия ретінде ары қарай созып, жаңа жол етіп салу жобасын жасап жатқандарын айтады. Ал келер жылдан бастап шаһардағы барлық қоғамдық көліктер электронды билетке көшірілмек.

Қаланың дамуына салынып жатқан тұрғын үйлердің де тың серпін берері сөзсіз. Мегаполисте жыл басынан бері 277 тұрғын үйдің құрылысы басталған. Оның 104 жеке құрылыс салушылар есебінен салынып жатса керек. Тұрғындарды баспанамен қамтуда қалада «Шымкент Сити» жобасының орны бөлек. Мұнда жалпы саны 324 көпқабатты тұрғын үй салынатын болады. Өткен жылы 239 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, биыл 457 мың шаршы метр тұрғын үйдің құрылысы аяқталмақ.

«AQ-QARA.KZ  - ақпарат»

 

Оқылды 1320 рет