Жұма, 06 Шілде 2018 12:18

Шымкентте аз қамтылған отбасының балаларына қамқорлық жасалды

«Нұр Отан» партиясы мұрындық болған аталмыш акция Астананың 20 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылған болатын. Қайырымды жандар 9 жеткіншекке киім-кешек пен түрлі ойыншықтар жәнемектеп құрал-жабдықтарын сыйлап, балаларды қуанышқа бөледі.

Ілиясовтар отбасында 4 бірдей бүлдіршін өсіп келеді. Аналары көлік апатынан көз жұмған. Қамқоршы әке жұмыссыз. Осыны ескерген нұротандықтар тұрмысы төмен жанұяға сыйлық беріп, қуантып тастады. «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық бөлімі ұйымдастырған қайырымдылық акциясынан Махамановтар отбасы да шет қалмады. Киім-кешек пен мектепке керекті құрал жабдықтар бұларға да үлестірілді.

Нұр Отан партиясы «Оңтүстік Су» филиалының бірінші орынбасары Абидин Сәкенов: «Астананың 20 жылдығына орай Нұр Отан партиясы тарапынан осындай іс шара ұйымдастырылып жатыр. Партия атынан жағдайы төмен отбасы балаларына ойыншықтар, киім кешек, мектеп құрал-жабдықтарын сыйлап, көмек көрсетіп отырмыз»,-дейді. Осылайша «20 жылдыққа 20 игі іс» акциясында аз қамтылған отбасында өсіп келе жатқан 9 бүлдіршінге қамқорлық көрсетілді. Ұйымдастырушылар игі істі мұнымен тоқтатпақ емес.

«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

 

 

Оқылды 1354 рет