Бейсенбі, 12 Шілде 2018 17:20

Шымкент: газбен жабдықтау сапасына шағымыңыз болса...

Егер де сізде қандай да бір коммуналдық қызмет көрсету бойынша түйткілді мәселелер туындаса, айталық, газбен жабдықтау, ондағы қызмет сапасын жақсарту жөнінде шағымыңыз болса, алдымен қайда жүгінер едіңіз? 

Біз қызмет көрсетуші мекемелерді таныстыра кеткенді жөн көріп отырмыз.

Сіздің үйде (пәтерде) газ болмай қалды делік. Бірден 104 жедел желі байланыс нөміріне қоңырау шалыңыз. Бұл – төтенше жағдайлар қызметі. Ондағы мамандар сізге газдың өшірілу себебін түсіндіреді. Сол себепті де істің мәнісін нақты біліп алған жөн. Егер газдың өткір иісін сезсеңіз, төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жедел әрекет етіп, жүйені дереу бұғаттап тастауы мүмкін.

Ал газ қызметін қайта іске қосу аталмыш сала мамандарының міндетіне жатпайды.
Мұндай жағдайда не істеу керек? Алдымен қолда бар газ қызметінің түбіртегіне қараңыз. Онда сізбен келісімшарт жасасқан (техникалық қызмет көрсететін) компанияның телефон нөмірі көрсетілген. Егер сіз осындай шартты әлі жасамаған болсаңыз, бұл істі жедел қолға алғаныңыз жөн. Себебі, қала аумағын табиғи газбен қамтып отырған мекемелер сіздің қауіпсіздігіңіз үшін техникалық қызмет көрсетуге міндетті емес.

Бұл ретте сізге ыңғайлы болуы үшін техникалық жабдықтау қызметін көрсететін қала аумағындағы барлық мекемелердің телефон нөмірлерін ұсынғалы отырмыз.

«Алау Газ Аймақ» ЖШС: 8 (775) 795 08 02;

«Алау Газ құрылыс NNK» ЖШС: 97-51-48, 8 (705) 128 48 12, 8 (778) 941 65 81;

«Қауіпсіз газ» ЖШС: 97-53-71, 8 (777) 941 65 81; 

«Шаңырақ газ монтаж сервисі» ЖШС: 8 (702) 750 34 09;

«Омега-21» ЖШС: 8 (778) 260 88 88, 8 (778) 976 04 04, 44-95-65;

«Орынбасар Сұлтан» ЖШС: 8 (701) 443 27 34;

«Сенім-MM Сервис» ЖШС: 8 (771) 390 79 12;

«Зенит ТВК» ЖШС: 48-90-09.

Ал егер де дербес жеке тұтынушылардың қызметін және газ құбырларын техникалық жабдықтау қажет болса ше? Мұндай жағдайда тұтынушыларға мынадай мекемелер қызмет көрсетуге әзір: 
ЖК «Әбенов»: 8 (701) 740 74 74;

«Зенит ТВК» ЖШС: 8 (702) 887-88-58;

«ИОА» АҚ-ның «Шымкент» ӨМГ қызмет көрсету қызметі: 8 (701) 761 04 32;

«ЭЛКОМ Technology» ЖШС: 8 (702) 939 83 99, 8 (707) 131 00 08;

ЖК «Еркебұлан» 8 (775) 188 48 88;

«Шаңырақ газ монтаж сервисі» ЖШС: 8 (702) 750 34 09.

Ал тұтынылған газдың есебі дұрыс шықпай жатса, қайтпек керек? Бұл жағдайда сіз қолыңызға тағы түбіртекті алып, көрсетілген байланыс нөміріне қоңырау шалыңыз. Егер сізде смартфон болса, онда WhatsApp әлеуметтік желісін пайдаланып, есептегіш құралының қазіргі көрсеткішін суретке түсіріңіз. Және оны 8 (777) 727 77 21 қабылдау нөміріне жолдасаңыз болады.

Сонымен қатар қоңырау қабылдау орталығының 92-11-77 және 58-48-68 нөмірлері арқылы мамандармен байланысуыңызға болады. Бірінші басшымен тілдесу қажет болса, 39-48-54 қабылдау нөмеріне хабарласыңыз.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 1377 рет