Бейсенбі, 26 Шілде 2018 11:53

Шымкенттегі Мамандандырылған ХҚҚО-да 17-ші аймақ белгісі бар көлік нөмірлері беріле бастады

Шымкент қаласы жаңа мәртебеге ие болғалы қала өмірінде әртүрлі өзгерістер орын алып жатқаны белгілі. Соның бірі ретінде Шымкент қаласында тіркелген көліктерге «17» аймақтық нөмірі беріле бастағанын айтсақ болады. Бүгінде Шымкент қаласының мамандандырылған ХҚКО қала тұрғындарына жаңа нөмірлер беруді бастады. Осылайша «17» саны белгіленген нөмірдің алғашқы иегерлері де пайда бола бастады.

Жоғарыда айтып кеткеніміздей, жақында Шымкент республикалық маңызы бар қала мәртебесін алды, ал Түркістан қаласы облыс орталығына айналғанын білесіздер. Осыған байланысты көлік құралдарын тіркеу бойынша да өзгерістер орын алды.

Қазіргі уақытта Шымкент қаласының тұрғындары үшін «17» белгісімен нөмірлер беріледі. Түркістан облысының тұрғындары үшін сол баяғы «13» белгісі бар нөмірлер беру жалғасуда. Айта кету керек, «Көлік құралдарын тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты барлық өңірлері үшін, оның ішінде Шымкентте бұрынғы қалпында қалып отыр. Шымкент қаласындағы Мамандандырылған ХҚКО-да жыл басынан бері 25 мыңнан астам жүргізуші куәлігі беріліп, 130 мыңнан аса автомобильдер тіркеуден өткізілгенін айта кетейік.

«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

 

Оқылды 12163 рет