Жексенбі, 19 Тамыз 2018 11:05

Түркістан облысы: Төлеби ауданында «ХХI- ғасырдың үздік зияткер имамы» атты семинар өтті

Сейсенбі күні Төлеби аудандық «Нұр» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «ХХI- ғасырдың үздік зияткер имамы» атты семинар өтті.

Семинар жұмысына – ҚМДБ-ның төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфтиі, Түркістан қаласы бойынша кеңсе басшысы Наурызбай Тағанұлы Өтпенов қажы, Түркістан облысы, Төлеби ауданы әкімі Бауыржан Омарбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев, аудандық мəслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров, дизайнер, ҚР қолөнер шеберлері одағының мүшесі Әлмира Анарбекқызы, Иннавциялық лаборатория зертхана меңгерушісі Құрбанәлі Есенбеков т.б азаматтар қатысып, баяндама жасады.

Аталмыш семинардың ашылуы Құран Кәрім тіләует етумен басталып, аудан имамы Самат Анарбаев бастаған ауыл мешіттерінің төрт бағыт бойынша атқарған жұмыстарының бейне ролигі тамашаланды. Семинардың ашылуында сөз алған аудан әкімі Омарбеков Бауыржан Бақытұлы найб мүфти Наурызбай қажы Өтпеновтың жұмысына сәттілік тілеп, діни басқарманың аудандағы атқарған жұмыстарына риза екендігін айтып өтті.

Семинар барысында ҚМДБ-ның төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфтиі, Түркістан қаласы бойынша кеңсе басшысы Наурызбай Тағанұлы сөз алып, алғашқы ресми іс-сапарын Төлеби ауданынан бастап отырғанын айтып өтті. Сондай-ақ, діни басқарма тарапынан қабылданған төрт құжат негізінде жұмыс жасау қажет екендігін, мешіт қызметкерлерінің әдеп нормаларын сақтап, әрдайым ізденісте және заман ағымана ілесіп жүруді, біліктілік пен білімді жетілдіріп отыруды т.б. мәселелеріне тоқталды.

«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

Оқылды 1207 рет